Фото: Reuters
Футболдан әлем чемпионатынан үшінші орын үшін өткен тартысты кездесуде Англия құрамасы Францияны 6:4 есебімен жеңіп, қола жүлдені иеленді, деп хабарлайды “Адырна”.
Ағылшындар ойынды аса жоғары қарқынмен бастап, бірінші таймның өзінде төрт мәрте мергендігімен көзге түсті. Есепті 3-минутта Деклан Райс ашса, 18-минутта Эзри Конса баспен дәл соққы жасап, басымдықты еселей түсті. Ал Букайо Сака 37 және 45-минуттарда екі гол соғып, үзіліске дейін есепті 4:0-ге жеткізді.
Екінші таймда Франция камбэк жасауға талпынды. Килиан Мбаппе 48 және 66-минуттарда дубль авторы атанса, 54-минутта Брэдли Барколя да мергендер қатарына қосылып, есеп айырмасын қысқартты.
Кездесудің 87-минутында Букайо Сака пенальтиді сәтті орындап, хет-трик тіркеді. Негізгі уақыттың соңғы сәтінде Усман Дембеле Францияның төртінші голын соққанымен, араға көп уақыт салмай Джуд Беллингем қарсы шабуылды нәтижелі аяқтап, матчтың қорытынды есебін – 6:4-ті тіркеді.
Национальная сборная Казахстана по футболу впервые в своей истории проводит учебно-тренировочные сборы в Шымкенте
