Ресей 40 тонна қауынды Қазақстанға кері қайтарды

120
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uHwMWxeMM3sfEx64e0IZsIrZMXa0iUXestS67Jac.webp

Ресейдің Челябинск облысындағы «Бугристое» автомобиль өткізу бекетінде белгі салынбаған қауындарды Ресейге кіргізу әрекеті тіркелді. Жалпы көлемі шамамен 40 тонна өнім заңбұзушылықтарды жою үшін Қазақстанға кері қайтарылды. Бұл туралы Ресейдің Ауыл шаруашылығын қадағалау федералдық қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Қазақстаннан Ресейге әрқайсысы 20 тоннадан жүк тиеген екі жүк көлігі өтпек болған. Өнім Екатеринбург пен Пермь қалаларындағы көкөніс-жеміс базаларына жеткізілуі тиіс еді.

Тексеру барысында карантиндік өнімнің басым бөлігінде тұтынушылық жапсырмалардың жоқ екені анықталды. Атап айтқанда, өнімнің шыққан елі, атауы, қапталған күні және қаптамалардың бірегей сәйкестендіру кодтары көрсетілмеген.

Осыған байланысты тасымалдаушыларға Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 10.2-бабы (карантиндік өнімді әкелу және әкету тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Комментарии