Шетелдіктерге Қазақстанда суррогат ана қызметін пайдалануға тыйым салынды

206
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/x6kVaWK8D7xUjtJUnamDMkb5nmH6pqmrEgGSkmu6.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. Енді суррогат ана қызметіне тапсырыс беруші ретінде тек некеде тұрған Қазақстан азаматтары ғана қатыса алады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін мұндай қызметті шетел азаматтары да пайдалана алатын.

Суррогат анамен жасалатын шарт жазбаша түрде рәсімделіп, міндетті түрде нотариалды куәландырылуы тиіс. Шартқа қол қойылған сәттен бастап ерлі-зайыптылар қосалқы репродуктивтік технологиялар арқылы дүниеге келетін баланың болашақ ата-анасы ретінде танылады.

Сонымен қатар суррогат анамен жасалған шартпен бірге ерлі-зайыптылар қосалқы репродуктивтік технологияларды қолданатын медициналық ұйыммен де келісімшарт жасасуы қажет.

Сондай-ақ тапсырыс берушілер суррогат ананың медициналық тексеруден өтуіне байланысты шығындарды көтеруге, қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдануға байланысты шығындарды төлеуге, қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйымдарға өздерінің дене және психикалық денсаулығы туралы медициналық қорытындыны, сондай-ақ медициналық-генетикалық тексеру нәтижелерін ұсынуға, суррогат ананың жүктілік, босану кезеңіндегі және босанғаннан кейінгі 56 күн ішіндегі медициналық қызмет көрсету шығындарын төлеуге, ал жүктілік пен босануға байланысты асқынулар туындаған жағдайда босанғаннан кейінгі 70 күнге дейінгі шығындарды өтеуге міндетті.

 

 

Комментарии