Қатарда төрт күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланды

39
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/aFYw8qKLkKCvkfuwIoiASdXDWNeuEveDkv22iHni.jpg

Қатарда бұрынғы әмірі Хамад бин Халифа Әл Танидің дүниеден өтуіне байланысты елде төрт күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Мемлекеттік мекемелер жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл туралы Anadolu агенттігігі жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақпаратқа сәйкес, 13 шілде дүйсенбіден бастап министрліктерде, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекетке қарасты құрылымдарда жұмыс уақытша тоқтатылады.

Қызметкерлер өз міндеттерін атқаруға 19 шілдеде қайта кіріседі. Сондай-ақ аза тұту кезеңінде Қатар бойынша барлық мемлекеттік тулар төмен түсіріледі.

Сонымен қатар 74 жасында дүниеден өткен шейх Хамад бен Халифа Әл Таниді ақырғы сапарға шығару ақшам намазынан кейін ел астанасы Доха қаласындағы имам Мұхаммед бен Әбд әл-Уаххаб мешітінде оқылады. Ал оның денесі Лусаил зиратында жерленетіні хабарланды.

Еске салсақ, бүгін Қатардың бұрынғы әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тани 74 жасында дүниеден өтті. Ол Қатардың жетінші әмірі және әл Тани әулетінен билікке келген үшінші адам. 

Комментарии