Қазақстандық Дастан Сәтбаев «Челсидегі» алғашқы жаттығуына қатысты

198
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uyQRTJoB4WfCpLTrXIapIXBbDzbjVgfQuxnSGuRc.jpg

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев Лондонның «Челси» клубындағы алғашқы жаттығуына қатысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Команда жаңа бас бапкер Хаби Алонсоның жетекшілігімен алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Клубтың баспасөз қызметі алғашқы жаттығу барысынан фото-суреттер жариялаған.

Хаби Алонсо «Челсидің» бас бапкері қызметіне Англия Премьер-лигасының өткен маусымы аяқталғаннан кейін тағайындалған . Бұл оның жаңа командамен өткізген алғашқы ресми жаттығуы болды. Дастан Сәтбаев бірнеше күн бұрын Лондонға барып, енді жаңа бапкермен жаттығу процесіне қосылды.

Айта кетейік, қазақстандық футболшының «Челсиге» ауысқаны өткен жылы белгілі болған еді. 

Комментарии