Жамбыл облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қазақстан ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жер сілкінісі 2026 жылғы 10 шілдеде сағат 00:59-да Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жерде тіркелген.
Жерасты дүмпуінің магнитудасы 4,5, ал ошағы 15 шақырым тереңдікте орналасқан.
Мамандардың хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 42,50 және шығыс бойлығының 70,88 координаталарында орналасқан.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түспеген.
Новости по теме
