Ресейдегі шабуылға қазақ жерінің қатысы қандай? Министрлік жағдайды түсіндірді

398
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iuSv1dYEemz2Y9DAP5iHwpuZVqjRIJpYeo9aKrZ5.webp

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан аумағынан ұшқышсыз ұшу аппараттары іске қосылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Соңғы уақытта кейбір БАҚ-та Ресей Федерациясы аумағындағы объектілерге шабуыл жасау кезінде қолданылған ұшқышсыз ұшатын аппараттарды ұшыру үшін Қазақстан Республикасының аумағы пайдаланылуы мүмкін деген арандатушылық мәлімдемелер таратылуда. Сыртқы істер министрлігі аталған мәлімдемелердің шындыққа сәйкес келмейтінін және ешқандай дерекпен не фактімен расталмайтынын ресми түрде мәлімдейді»,—делінген хабарламада.

Министрлік мұндай жарияланымдарды екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастың сипатын бұрмалауға бағытталған негізсіз алыпқашпа пікірлер деп атады.

«Қазақстан өз аумағының, әуе кеңістігінің және инфрақұрылымының басқа мемлекеттерге қарсы бағытталған әрекеттерді жүзеге асыру үшін пайдаланылуына жол бермейді. Осыған байланысты БАҚ өкілдері мен өзге де тұлғаларды тек тексерілген деректерге сүйенуге және жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамыз», – делінген түсініктемеде.

Комментарии