Трамп Түркияны АҚШ-тың сенімді одақтасы деп атады

222
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/98GeYXRdK9V4CuRFfIhRgyUz5wPErOZkPeZ7yuXP.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп 7 шілдеде Түркия астанасы Анкараға НАТО саммитіне қатысу үшін барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Саммит аясында ол Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөз өткізіп, бірлескен баспасөз мәслихатына қатысты.

Баспасөз мәслихатында Дональд Трамп Түркияны АҚШ-тың сенімді одақтасы ретінде бағалаған.

"Түркия өзін АҚШ-тың сенімді одақтасы ретінде көрсетіп келеді. Президент Ердоғанмен өзара қарым-қатынасымыз өте жақсы", – деді Трамп.

Сондай-ақ АҚШ президенті Түркияның Иран мен Израиль арасындағы қақтығысқа араласу мүмкіндігі болғанын, алайда бұған жол берілмегенін мәлімдеді.

"Түркия Иран мен Израиль арасындағы қақтығысқа қатысуы мүмкін еді. Бірақ менің араласуымның арқасында бұл болған жоқ", – деді ол.

Трамп Ирандағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, ондағы оқиғаларды «соғыс емес, әскери операция» деп сипаттады.

Комментарии