ӘЧ-2026. Мбаппенің голы Францияны ширек финалға шығарды

207
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/lSKk8SLmqkGlBDzJfTKEIa412WWZorsx3Zyy8Jan.jpg

4 шілде кешке және 5 шілдеге қараған түні футболдан әлем чемпионатында 1/8 финалдың алғашқы матчтары өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Марокко құрамасы 1/8 финалда Канаданы 3:0 есебімен жеңді. Есепті 50-минутта жартылай қорғаушы Аззедин Унаи ашты. 82-минутта ол дубль авторы атанса, матчтағы соңғы голды Суфьян Рахими соғып, қорытынды есепті 3:0-ге жеткізді.

Марокко осымен қатарынан екінші рет әлем чемпионатының ширек финалына шығып отыр. 2022 жылы бұл құрама әлем чемпионатының жартылай финалына жеткен алғашқы африкалық команда атанған еді.

Ал Франция құрамасы Парагвайды 1:0 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.  Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды матчтың 70-минутында пенальтиден команда капитаны Килиан Мбаппе соқты.

Жартылай финал жолдамасы үшін таласатын Франция мен Марокко құрамалары арасындағы кездесу 9 шілдеде АҚШ-тың Фоксборо қаласындағы «Джилетт» стадионында өтеді.

Комментарии