Мәскеу соты Росавиацияның бұрынғы басшысын қамауға алды

57
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6l6s3NMoBAlv0BlPSjJAg9W2xrVhssO65hIj0Ff5.jpg

Фото: ИЗВЕСТИЯ/Эдуард Корниенко

Мәскеудегі Хорошев аудандық соты Ресейдің Азаматтық авиация жөніндегі федералдық агенттігінің (Росавиация) бұрынғы басшысы Александр Нерадьконы алаяқтық ісі бойынша қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы сот процесіне қатысушылардың бірі ТАСС агенттігіне айтқан, деп хабарлайды “Адырна”.

Оның айтуынша, сот тергеу органдарының Нерадьконы аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген айыппен (Ресей Қылмыстық кодексінің 159-бабының 4-бөлігі) қамауда ұстау туралы өтінішін қанағаттандырған.

Дереккөздің мәліметінше, қылмыстық іс мемлекеттік келісімшарттарға байланысты қозғалған.

Хорошев аудандық сотының электронды базасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Александр Нерадько өзіне қатысты шығарылған қамауға алу туралы шешімге шағым түсірген.

Александр Нерадько Росавиацияны 2009 жылдан бері басқарған. Ол 2023 жылы қызметінен босатылған болатын. Сол кезде дереккөздер оның кейіннен «Норникель» компаниясына жұмысқа ауысуды жоспарлағанын хабарлаған.

Комментарии