Плей-офф қыза түсті. Тағы үш құрама келесі кезеңге өтті

283
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WSzZGoUphmceySKvyK9MCvEQjABHhEaSm4QwSiCz.jpg

1 шілде мен 2 шілдеге қараған түні өткен 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Англия, Бельгия және АҚШ құрамалары жеңіске жетіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. 

Англия құрамасы Конго Демократиялық Республикасымен кездесіп, матчтың 7-минутында гол жіберіп алды. Ағылшындар ойынның соңына дейін есепте артта келе жатқанымен, шабуылшы Гарри Кейн дубль авторы атанып, командасына 2:1 есебімен жеңіс сыйлады. Енді Англия келесі кезеңде Мексикамен кездеседі.

Бельгия мен Сенегал арасындағы матч биылғы мундиальдегі ең тартысты ойындардың біріне айналды. Бельгиялықтар 0:2 есебімен жеңіліп жатып, камбэк жасап, есепті теңестірді. Матч тағдыры қосымша уақыттың соңында белгіленген пенальти арқылы шешілді. Юри Тилеманс мүлт кетпей, Бельгияға 3:2 есебімен жеңіс сыйлады. Келесі айналымда бельгиялықтар АҚШ-пен ойнайды. 

Ал АҚШ құрамасы Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін 1/8 финалына Бразилия, Канада, Норвегия, Франция, Марокко, Парагвай құрамалары өткен еді.

Комментарии