Жол апатынан бес адам қаза тапты

101
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BzoQUIbpKunHPm6zGS6ISWudldjHi60igceRgz7s.webp

Жетісу облысында «Алматы–Өскемен» автожолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше кешкі уақытта «Алматы–Өскемен» тасжолының 432-шақырымында екі автокөліктің қатысуымен болған. Апат салдарынан екі көліктің жүргізушісі мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапқан. Сонымен қатар түрлі дене жарақатын алған тағы екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Осыған байланысты полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, арақашықтықты ұстануға және көлік тізгінінде барынша мұқият болуға шақырды.

 

Комментарии