Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды

306
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/K6wtahvjiFIm5drb1nnORZ2pxTmOlaECMqBMGH4K.jpg

Алматыда автобус жүргізушісінің денсаулығы жол үстінде нашарлап, рөлге ие бола алмай жол апатына ұшыраған. Автобус жүргізушісі оқиғадан соң қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна". 

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның 22 маусымда Жетісу ауданында болғанын айтып берді.

«131-маршруттағы автобус жүргізушісі Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Mercedes және Toyota автокөліктерімен соқтығысуға жол берген. Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалыс кезінде автобус жүргізушісінің денсаулығы нашарлап, соның салдарынан ол басқаруға ие бола алмай қалған. Өкінішке қарай, жүргізуші қайтыс болды», – делінген ақпаратта.

Оқиға фактісі бойынша сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайлары мен себептері анықталып жатыр.

Комментарии