Тоқаев ресми сапармен Брюссельге барады

93
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zZtPidmZOcecCS5JVrNISYjR3AlAQz3o3qfSoTGo.jpg

22-23 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштаның шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна". 

Сапар аясында Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер жоспарланған. 

Тараптар  Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды.

Сапар бағдарламасында Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу қарастырылған.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ірі еуропалық компаниялар жетекшілерінің қатысуымен өтетін «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйлеп, бірқатар кездесу өткізеді. 

Комментарии