Назым Қызайбай Әлем кубогының финалына жолдама алды

833
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/h1AUNsJI1JCS7w7uz6Pnr51c1j4lGMVRSuOknwxN.jpg

Қазақстандық боксшы, әлемнің үш дүркін чемпионы Назым Қызайбай Қытайда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда отандасымыз Таиланд өкілі Натнича Чонгпронгклангпен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілердің басым бөлігі жеңісті Назым Қызайбайға берді.

Осылайша тәжірибелі қазақстандық боксшы турнирдің шешуші кезеңіне жолдама алып, алтын жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды.

32 жастағы Назым Қызайбай  әлем чемпионаттарында бес мәрте жүлдегер атанып, оның үшеуінде чемпиондық атақты жеңіп алған. Сондай-ақ 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдесін еншілеген.

Ал әлем кубогының финалдық кездесулері 21 маусымда өтеді.

Комментарии