Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды

156
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Yt3LxfYHHGeVo6MzMCODp5yZiaFBYhGfTUUDLDo5.jpg

Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы қызметіне Ербол Күмісходжаев тағайындалды.

Ербол Серікбайұлы 1986 жылы туған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Нархоз университетінің түлегі.

 Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының жетекші маманы ретінде бастап, бас маман және бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

 2013 жылы Қызылорда облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы.

 2014 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары қызметін атқарды.

 2014 – 2017 жылдары «Нұр RK»компаниясының директоры болған.

 2017 – 2021 жылдары Алматы қаласы Наурызбай аудандық Аманат партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

 2021 – 2023 жылдары Ғылым және жоғары білім министрлігінің Философия, саясаттану және дінтану институтында ақпараттық-ұйымдастыру орталығының басшысы болған.

 2023 – 2024 жылдары Америка құрама штатының Огайо университетінде тағылымдамадан өткен.

2024 – 2025 жылдары Алматы облысы Алатау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысыжәне мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы болған.

 2025 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін облыстық Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Комментарии