Футболдан ӘЧ-2026. Алтыншы жарыс күнінің нәтижелері қандай?

493
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/D4DJvBjQudNxp27o9Z53gaf3hwNpYXcTrvgWSDg2.jpg

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының алтыншы жарыс күнінде төрт кездесу өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

16 маусым күні I тобында Франция құрамасы Сенегал командасын 3:1 есебімен жеңді. 66-минутта Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе вингер Майкл Олисенің пасынан кейін есеп ашты. 82-минутта Брэдли Баркола Францияның екінші голын соқты. 90+5-минутта шабуылшы Ибрагим Мбайе есеп айырмасын қысқартты. Ал 90+6-минутта Мбаппе дубль авторы атанды.

Норвегия құрамасы Ирак командасын 4:1 есебімен жеңді. Кездесу АҚШ-тың Фоксборо қаласындағы «Джиллетт» стадионында өтті. Бірінші таймда Норвегия шабуылшысы Эрлинг Холанд дубль авторы атанды, ал Ирак сапынан Айман Хуссейн бір гол соқты. 76-минутта алаңға алмастыру арқылы шыққан қорғаушы Лео Эстигор Норвегияның үшінші голын соқты. 96-минутта Ирак қорғаушысы Аймен Хуссейн допты өз қақпасына соғып алды.

Турнирлік кестеде 3 ұпайдан жинаған Норвегия көш бастаса, Франция екінші орында тұр, Сенегал мен Иракта әзірге ұпай жоқ.

J тобында Аргентина Лионель Мессидің хет-тригінің арқасында Алжирді 3:0 есебімен жеңсе, Австрия Иорданияны 3:1 есебімен тізе бүктірді. Бұл топта Аргентина мен Австрияда 3 ұпайдан бар. Иордания мен Алжир ұпай жинай алмады.

Екінші турда Франция Иракпен, Норвегия Сенегалмен кездеседі. Ал Аргентина Австриямен ойнаса, Алжир Иорданияға қарсы шығады. Барлық матч 22 маусымда өтпек.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнир 39 күнге созылып, 104 матч ойналады. Жарысқа 48 құрама қатысып, 12 топқа бөлінген.

Комментарии