Өзбекстанда Термез диалогының екінші отырысы өтті

166
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1tDQaar5oZSX14D0VxHB6x3ojMuDeATSsksPrm7s.jpg

4–6 маусым аралығында Ташкент, Термез және Самарқанд қалаларында Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы өзара байланыс мәселелеріне арналған Термез диалогының екінші отырысы өтті. Бұл халықаралық форум 2025 жылы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бастамасымен құрылған.

Биылғы жиынның тақырыбы —«Бейбітшілік, байланыстылық, тұрақтылық: ортақ өркендеудің негізін қалыптастыру».

Халықаралық форумды Өзбекстан президенті жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты мен Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес-пен серіктестікте ұйымдастырды.

Іс-шараға Орталық және Оңтүстік Азия, Еуропа, ТМД, Азия-Тынық мұхиты өңірі, Таяу Шығыс және Америка елдерінен 150-ден астам саясаткер, кәсіпкер, сарапшы және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Форумға Өзбекстан, Ауғанстан, Пәкістан, Түрікменстан және Қазақстан делегациялары да қатысты.

Кездесу барысында өңіраралық ынтымақтастықты нығайту, көлік және логистикалық байланыстарды дамыту, экономикалық әріптестікті кеңейту, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Комментарии