5 маусым Экологтар күніне орай Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен «Таза жағалау» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – су айдындары жағалауларының тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.
Акцияға Ұлытау облысының Экология департаменті, Ұлытау облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Нұра-Сарысу бассейндік су инспекциясы, «Ұлытау су қоймалары» КМҚК және «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы» КММ қызметкерлері белсенді қатысты. Жалпы акцияға 52 адам қатысып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстарға өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында су айдындары жағалауларын тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізіліп, қатысушылар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Мұндай экологиялық іс-шаралар табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттауға және өңірдің экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.
«Таза Қазақстан»: в Жетісу более 32 тысяч выпускников школ подарили родному краю тысячи саженцев деревьев и цветов
