Иранның Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи 2 мыңнан астам адамға рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл – оның 2026 жылдың наурызында Ислам Республикасының басшысы болып сайланғаннан кейін шығарған алғашқы ресми құжаты. Бұл туралы ТАСС агенттігі саясаткердің Telegram-арнасына сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды "Адырна".
Жарияланған мәліметке сәйкес, Жоғарғы көшбасшы бұл шешімді Әли ибн Әбу Тәліптің Мұхаммед пайғамбардың мұрагері ретінде жарияланған күніне арналған шииттердің діни мерекесіне орай қабылдаған. Иранда бұл мереке 5 маусымда атап өтіледі.
Хаменеи қол қойған жарлықта «рақымшылық жасау немесе жаза мерзімін жеңілдету» қарастырылған.
Алайда Иранның сот билігімен байланысты Mizan агенттігінің хабарлауынша, бұл рақымшылық тыңшылық жасады деп айыпталғандарға, сондай-ақ Иранның қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.
Сонымен қатар, діни мерекелерге орай рақымшылық жариялау туралы жарлықтар Ислам Республикасында бұрыннан қалыптасқан дәстүр болып саналады. Сондықтан жаңа Жоғарғы көшбасшының өз қызметін дәл осындай құжаттан бастауы таңғаларлық жағдай емес.
Моджтаба Хаменеи Иранның Жоғарғы көшбасшысы қызметінде әкесі Әли Хаменеидің орнын басты. Мәтінде айтылғандай, Әли Хаменеи 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққыларының алғашқы күні қаза тапқан. Жаңа басшы әзірге көпшілік алдына шықпағанымен, оның баспасөз қызметі ара-тұра билеушінің атынан жолдаулар жариялап келеді.
Пилотный проект "Вклад в развитие масштабирования здорового питания" реализуется в Акмолинской области
