Бибісара Асаубаева Norway Chess-2026 турнирінің чемпионы атанды

161
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3zDun3b36zTHJ9tFFogpsWmjkf3eIoGU3Fcrq72n.jpg

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 2026 жылғы Norway Chess турнирінің әйелдер арасындағы чемпионы атанды, деп хабарлайды "Адырна".

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 9-турда украиналық Анна Музычукпен тең түсіп, Ослодағы супертурнирде жарыс аяқталуына бір тур қалғанда жеңімпаз атанды.

Тең ойын 22-жүрісте позицияның үш рет қайталануына байланысты тіркелді. Асаубаева мен Музычук бүгін блиц партиясын ойнауы керек. Алайда Норвегия астанасында 16,5 ұпай жинаған блицтен үш дүркін әлем чемпионының мерзімінен бұрын қол жеткізген жеңісіне «армагеддон» да, басқа шахматшылардың нәтижелері де әсер ете алмайды.

Norway Chess-2026 турнирінің форматы – екі айналымды классика, бірақ қабылданған стандарттардан айтарлықтай айырмашылығы бар. Әр классикалық партияда тең түскен жағдайда (партияға 120 минут, 41-жүрістен бастап әр жүріске 10 секунд қосылады) қатысушылар «армагеддон» ойнайды. Ондағы уақыт бақылауы – ақтар үшін 10 минут, қаралар үшін 7 минут (41-жүрістен бастап әр жүріске 1 секунд қосылады). Тең түссе – қаралар жеңімпаз атанады.

Классикалық партиядағы жеңіс үшін – 3 ұпай, жеңілгенге – 0. Тең ойын үшін – бір ұпайдан, «армагеддондағы» жеңіс үшін қосымша 0,5 ұпай беріледі.

5 маусымда аяқталатын турнирдің жүлде қоры – 1 700 000 норвег кроны (шамамен 157 000 доллар)

Комментарии