1000-нан астам бала балалар шығармашылық фестиваліне қатысты

194
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ez7gH721Td3eYSUanr0YcD9MNRWELVtrg1hsWOLD.jpg

Балаларды қорғау күніне орай «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты «LIFE TIME M» ҚБ-мен бірлесіп Балалар шығармашылық фестивалін ұйымдастырды.

Шара балалардың шығармашылық дамуын қолдауға, өскелең ұрпақ өкілдерінің өзін-өзі жүзеге асыру үшін қолайлы, жайлы және мейірімді орта қалыптастыруға бағытталған.

Фестивальдің негізгі мақсаты – өнер, шығармашылық және бірлескен белсенділік арқылы балалардың өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасау, сондай-ақ жағымды эмоционалды атмосфера қалыптастыру.

Фестиваль аясында балалардың қатысуымен мазмұнды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Жас қатысушылар өздерінің қабілеттерін, әртістік шеберліктері мен креативтілігін паш ете отырып, би және музыкалық өнерлерін ұсынды.

«Балаларды қорғау күні – бұл жай ғана күнтізбедегі мерекелік күн емес. Бұл бізге, ересектерге, өзіміздің басты жауапкершілігіміз туралы маңызды ескерту. Балалар – еліміздің болашағы, ал оның қандай болатыны олардың бүгінгі таңда алатын қауіпсіздігі мен қолдауына байланысты.

Дәл сондықтан біздің институт ауқымды «ДосболLike» флешмобын өткізуде! Бұл флешмоб қазақстандық мектептерге енгізіліп үлгерген «ДосболLike» антибуллингтік бағдарламасы аясында өтуде. Біздің мақсатымыз – әрбір балаға достық, қолдау және өзара құрмет хейт пен агрессияның кез келген көрінісінен күштірек екенін көрсету. Біз әрбір оқушы сенімді дамып, болашаққа нық қадам баса алатын қауіпсіз орта құрамыз!», – деп атап өтті «Өркен» БӘАҰҒПИ» Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Арзу Саликова.

Сондай-ақ балалар үшін түрлі шығармашылық және зияткерлік байқаулар, ойын және интерактивті алаңдар, викториналар мен ойын-сауық белсенділіктері ұйымдастырылды. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға естелік әрі жүлделі сыйлықтар, балалар кітаптары мен кәдесыйлар табыс етілді.

Фестиваль жылы, мерекелік және мейірімді жағдайда өтіп, балаларға жарқын әсерлер, жағымды эмоциялар және өз қабілеттері мен таланттарын ашуға мүмкіндік сыйлады.

 

Комментарии
Другие материалы