«AMANAT» партиясына жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

190
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0nsmIJZY57gGL5jn2SnpQ4BcUW88CU3fJ35uNXea.webp

Олжас Беркінбаев «AMANAT» партиясының Орталық аппараты баспасөз қызметінің жетекшісі болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры – баспасөз қызметінің жетекшісі, сондай-ақ министрдің кеңесшісі – ресми өкілі қызметтерін атқарған.

Беркінбаев әр жылдары СІМ, Экология және табиғи ресурстар министрлігінде жұмыс істеген, сонымен қатар ҚР СІМ «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті лауазымын атқарған. Қоғамдық коммуникация, ақпараттық саясат және медиа мәселелерімен айналысқан. Сондай-ақ ол – мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының және журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығының лауреаты.

Комментарии