АҚШ пен Иран 60 күндік бітімге келуі мүмкін

274
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dIk0B8RuQBd2GiphU4eMvGXO88cVoMhkBnxJ6L3c.jpg

АҚШ пен Иран жақын арада қол қоюы мүмкін меморандумда атысты тоқтату режимін 60 күнге ұзарту қарастырылған. Бұл туралы бүгін, 24 мамырда Axios жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Құжатқа сәйкес, Иран осы 60 күн ішінде Ормұз бұғазы арқылы кемелердің өтуін қайта қамтамасыз етеді. Ал АҚШ бұл кезеңде Ираннан шығатын мұнай тиелген танкерлерді ұстап қалмайды.

Жоспар бойынша, тараптар қосымша 60 күнді ең күрделі келіспеушіліктерді шешуге жұмсамақ. Атап айтқанда, олар Иранның ядролық бағдарламасына қатысты ортақ келісімге келуі тиіс.

Axios басылымы қазіргі кезеңде қақтығыс тараптарының 60 күн ішінде жанжалға толықтай нүкте қоя алатыны әзірге белгісіз екенін атап өтті.

Бұған дейін Дональд Трамп Иранмен мәміленің негізгі шарттары бойынша келісімге келгенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, тек кейбір тұстарын пысықтау қалған. Алайда ол сөз жан-жақты келісім туралы ма, әлде даулы мәселелердің бір бөлігін шешу жайында ма екенін нақтыламады.

Есе салайық, Иран да, АҚШ та екі ел арасындағы келісімді дайындау жұмыстары соңғы кезеңге жеткенін мәлімдеген болатын. Ал америкалық БАҚ  жоба 23 мамыр, сенбі күні таңертең келісілгенін және оның 24 сағат ішінде ұсынылатынын хабарлаған.

 

Комментарии