Францияда әлемдегі ең кәрі ит делінген 30 жастағы Лазар өлді. Бұл туралы Mash Telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды "Адырна".
Оның мәліметінше, соңғы жылдары ит көру қабілетінен айрылған, тістерін жоғалтқан және үнемі жөргек киіп жүрген.
«Жақында Лазардың иесі қайтыс болған еді, кейін оны Аллонзье-ла-Кай қаласынан 29 жастағы Офели өз қамқорлығына алған. Бірнеше күннен соң иттің жағдайы нашарлап, қыз оны ветеринарлық клиникаға апарған. Сол жерде ит өлді», - делінген хабарламада.
Новости по теме
