Көше бойында көлік пен пойыз соқтығысты

127
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OhgsAotOEzodOPeSidkW4dfSLJXmYU3zoW2vXJ8j.jpg

Алматы қаласында көлік пен пойызбен соқығысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon-ға сілтеп.

Оқиға 2026 жылдың 15 мамыр күні орын алған. Lexus жол талғамайтын көлігі локомотивпен соқтығысты. Оқиға қаланың өнеркәсіптік аймағында, Төретай көшесі, 92 мекенжайында аумағында болған.

Куәгерлердің айтуынша, бұл аумақта теміржол жолдары өндірістік ғимараттардың арасында орналасқандықтан, көлік жүргізушілеріне көріну мүмкіндігі шектеулі. Соқтығысудан кейін локомотив автомобильді бірнеше метрге сүйреп әкетіп, Lexus вагон мен ғимарат арасына қысылып қалған.

Көлік қатты зақымданған. Ал жүргізуші аман. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жеңіл дене жарақатын алған.

Оқиға орнына құтқарушылар келіп, қысылып қалған жүргізушіні шығарып алды. Көлікті босату үшін арнайы техника қолданылған.

 

Комментарии