Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалғаны белгілі болды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NgN0Rs22ZsZmW7UelV3Tq1Vz6ybxfQ56nNsCrRc0.jpg

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының көзі тірі 57 ардагері тұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Жеңістің 81 жылдығына орай барлық өңірде соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден біржолғы төлем жасалған.

Ведомство дерегіне сәйкес, кейінгі бес жылда майдангерлер саны айтарлықтай азайған. Мәселен, 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елде 381 соғыс ардагері болса, биыл олардың саны 57-ге жеткен.

Сонымен қатар, Қазақстанда бүгінде 31 349 тыл еңбеккері тұрады. Сондай-ақ министрлік соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтар туралы мәлімет берді. Олардың қатарында Ленинград қоршауында болғандар, концлагерьлердің бұрынғы тұтқындары, Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандар және әскери қақтығыстар кезінде жарақат алған азаматтар бар.

Министрлік ардагерлерге арнайы мемлекеттік жәрдемақы, медициналық көмек, тұрғын үймен қамтамасыз ету, қоғамдық көліктегі жеңілдіктер және өзге де әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылғанын мәлімдеді.

Комментарии