Экс-президент шартты түрде бостандыққа шықты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jwXPNmfLvlNWXQuCxi52Me8dhu6m7I9mUSJzHCuJ.jpg

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози 2012 жылғы сайлау науқаны шығындарын асыра көрсету ісі бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

RTL медиакомпаниясының хабарлауынша, сот 71 жастағы саясаткердің жасына байланысты жаза шарттарын жеңілдету туралы өтінішін қанағаттандырған. Шешім 7 мамырдан бастап күшіне енеді.

Іс Саркозидің 2012 жылдың президенттік сайлау науқаны кезінде Bygmalion PR-агенттігі арқылы жасалған қаржылық операцияларға қатысты болған. Тергеу мәліметінше, саясаткердің партиясы агенттіктен 18 миллион еуродан астам қаражат алып, бұл шығындарды ресми есепке енгізбеген.

Осы іс бойынша сот Николя Саркозиді бір жылға бас бостандығынан айырған еді. Кейін жаза мерзімі алты айға дейін қысқартылып, түрме жазасы электронды білезік тағумен алмастырылған. RTL мәліметінше, енді бұрынғы президент электронды бақылау құрылғысын тақпайтын болады.

Николя Саркози 2007–2012 жылдары Франция президенті қызметін атқарды және нақты түрме жазасына кесілген алғашқы бұрынғы француз мемлекет басшысы атанды.

 

Комментарии