Фото:Astanovka98
Астанадағы Айтматов көшесінде эвакуатор жүргізушісі автобус аялдамасына соғылды. Жол-көлік оқиғасы орнынан түсірілген кадрлар Astanovka98 Telegram арнасында жарияланған, деп хабарлайды “Адырна”.
Елорда полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, апат «Памир» тұрғын үй кешені маңында болған.
«Эвакуатор жүргізушісі Айтматов көшесімен қозғалып келе жатып, көлікті басқара алмай қалып, аялдамаға және басқа да инфрақұрылым нысандарына соғылды. Жол апаты салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ полиция жүргізушінің әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын және келтірілген шығынды өтеуге міндеттелгенін хабарлады.
Новости по теме
Усиление роли НПО в реализации Послания Президента РК «Конструктивный общественный диалог – основа стабильности и процветания Казахстана»
