"Штирлицтің" әуресі. Астана "тыңшы ісіне" орай Берлинге сұрау салды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IUFDEDxMY1cgZA8yb1U1AALzbUS3VaeeRcyCuBpi.png

Сыртқы істер министрлігі Германияда Қазақстан азаматының ұсталғаны туралы ақпаратқа байланысты Германия құзырлы органдарына ресми сұрау жіберді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазіргі уақытта жауап күтілуде. Мәселе министрліктің бақылауында»,- делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Берлинде тыңшылық күдігімен Қазақстан азаматы ұсталғанын жазған едік. Тергеу нұсқасы бойынша, Сергей К. кемінде 2025 жылдың мамыр айынан бері Ресей арнайы қызметтерімен байланыста болып, оларға ақпарат беріп отырған.

Комментарии