Қадыровтың ұлы тағы да медальмен марапатталды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/g7TvBegktuvopg6ceQYgr7Ux0HFngTdT3HSeKRRV.jpg

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы әрі көмекшісі, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Адам Қадыров Ресей батыры Ахмат Қадыров атындағы «Север»  арнайы полкінің 20 жылдығына орай естелік медальмен марапатталды. Бұл туралы «РИА Новости» жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Марапаттау рәсімі Грозный қаласында өткен. Медаль атақты қолбасшының еңбегін мойындау және оның есімін ұлықтау белгісі ретінде табысталған. 

Айта кетейік, Адам Қадыров өткен жылы кәмелетке толмаған шағында Шешен Республикасы бойынша ІІМ кураторы қызметіне тағайындалған. Бұған дейін ол Росгвардия ведомстволық «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Комментарии