Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын бокстан Ұлан-Батырда өткен Азия чемпионатындағы табысты өнерімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна".
Президент қазақстандық спортшылардың жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленіп, отандық бокс мектебінің жоғары деңгейін дәлелдегенін атап өтті.
Құттықтау жеделхатында жеңіс тұғырына көтерілген Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Надежда Рябец және Дина Исламбекова сынды спортшылардың ортақ табысқа қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.
Мемлекет басшысы қазақстандық былғары қолғап шеберлеріне алдағы халықаралық жарыстарда да жоғары нәтижелерге жетіп, ел намысын абыроймен қорғай беруіне тілектестік білдірді.
Новости по теме
В Назарбаев Интеллектуальных школах объявлены победители национального чемпионата Всемирной олимпиады роботов-2021
Молодежь Жетiсу стали победителями XII Международного военно-патриотического сбора молодежи «Айбын-2026»
