Уәлиханов институты мен Шәкәрім университеті бірлесіп тарихи жинақ шығарды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zINthX1dna7Kfr8DCgrt2LBTM6wVwjUxq4QGWlbc.jpg

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Шәкәрім университеті бірлесіп «Новые страницы из истории казахско-джунгарских отношений: в конце XVII – 50-х гг. XVIII вв.» атты құжаттар жинағын шығарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жинаққа Қазақ және Жоңғар хандықтарының ара қатынасы тарихына қатысты 1699-1750-жж. құжаттар енгізілген.

 Тарих және этнология институтының мәліметінше, туындыда Қазақ тарихындағы ең күрделі кезең – «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезі туралы жаңа фактілер келтірілген. Құжаттар мен материалдардың көбі бұрын жарияланбай келген Ресей мемлекеттік архивтерінен алынған.

Жобаға Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтынан З. Қабылдинов, В. Сирик және ресейлік ғалымдар тартылған, атап айтсақ, Элиста қаласынан тарих ғылымының докторы, Владимир Толтаевич Тепкеев қосылған.

 Айта кетейік, жинақ 500 дана тиражбен жарыққа шыққан. Ол еліміздің барлық кітапханасына тегін таратылатын болады.

Комментарии