Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Иранның бітімге келуін құптайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды. Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды»,-делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірген.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ пен Иранның уақытша бітімге келгенін жазған едік.
Пилотный проект "Вклад в развитие масштабирования здорового питания" реализуется в Акмолинской области
