Мұғалімдерді қорғау және аттестацияны жеңілдету. Министр Президент тапсырмаларын атады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/stApD5QYNmmZvcWfkmUkIxqPmqmCcQRZZE3XuvQN.jpg

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Мемлекет басшысының қабылдауында болып, білім саласына қатысты бірқатар маңызды тапсырмалар жүктелгенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министрдің айтуынша, кездесу барысында білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер талқыланып, нақты бағыттар айқындалған. Атап айтқанда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің құқықтарын қорғау және аттестация рәсімін жеңілдету жөнінде тапсырма берген.

«Президент мұғалімдерді қорғау мәселесіне ерекше назар аударып, аттестация процесін оңтайландыру қажеттігін атап өтті», – деді министр.

Жұлдыз Сүлейменова алдағы уақытта осы бағыттар бойынша нақты жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Комментарии