Израиль Каспий маңына соққы жасады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kbj1gbvbfeWMnoetGwA4WWQbWMrTxPIp9MeQvw0m.jpg

Израиль Иранның Каспий теңізіне жақын аумақтағы әуе қорғаныс нысанына соққы жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Израиль әскери-әуе күштері Иранның солтүстігінде, Каспий теңізі маңында орналасқан әуе қорғаныс жүйелері бар нысанды атқылады. Бұл нысан орманды жерде жасырылған, Израиль аумағынан 1600 шақырымнан астам қашықтықта болған.

Израиль әскерінің мәліметінше, соққы әскери авиацияға қауіп төндірген.

«Бұл жүйелерді жою Израиль әскери-әуе күштерінің Иран әуе кеңістігіндегі басымдығын сақтап қана қоймай, оны кеңейтуге мүмкіндік береді», – делінген ресми хабарламада.

Комментарии