18–21 наурыз аралығында оңтүстік өңірді тұтас қамтыған «Түркістан облысына Балуан тас сапары» экспедициясы табысты тәмамдалды.
Бұл іс-шара Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ұлттық баһадүрлік мұраны жаңғыртуға бағытталған «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының ірі мәдени-танымдық жобасы – «ҚАЗАҚ КҮШІНІҢ КАРТАСЫ» аясында болып өтті.
Сапар бағыты қазақ өркениетінің тарихи және сакральды кеңістігі – Шымкент қаласы-Сайрам ауданы, Ордабасы, Бәйдібек, Созақ, Отырар, Сауран аудандары мен Түркістан қаласын қамтыды. Топ жетекшісі – «Baluan tas» академиясының президенті, күш мәдениетін зерттеуші-PHD докторант Абылайхан Қалназаров болды.
– «Балуан тас философиясы физикалық және онымен теңдей рухани өрісте де жатқан киелі платформа. Тікелей ауыр көтерген алыптармен қатар, астарлы елдік сана көтерген тұлғалар да көп. Біздің мақсатымыз да сол заттық тастармен ғана шектелмей, оның терең мәнін ашу. Қаратаудың күнгейі мен теріскейін қатар қамтыған бұл сапарымыздың миссиясы осымен анықталады. Бұл сапардың алдыңғыларынан ерекшелігі – айналымға «символдық Балуан тас көтеру» ұғымын енгізіп отырмыз», - деді Абылайхан Қалназаров. 
Всем сердцем любил свой народ — основателю казахской школы таэквондо Мустафе Озтюрку исполнилось бы 70 лет
