Тағы бір музейден бағалы жәдігерлер ұрланды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jGEV90Mi5tNqX0ABnx40qCIDQE5As9zRYgCsJTNZ.jpg

Италияның Парма қаласы маңындағы Фонда Маньяни-Рокка жеке музейінен әйгілі импрессионист суретшілердің үш туындысы ұрланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шетелдік БАҚ дерегінше, қылмыс 22-нен 23 наурызға қараған түні жасалған. Алайда бұл ақпарат тек бір аптадан кейін жарияланған.

Белгісіз адамдар музейдің кіреберіс есігін бұзып кіріп, небәрі үш минут ішінде картиналарды алып, бақ арқылы қашып кеткен.

Ұрланған туындылар қатарында Пьер Огюст Ренуардың «Балықтар» картинасы, Поль Сезаннның «Натюрморт» атты суреті және Анри Матисстың акварелі бар.

Музей өкілдері бұл алдын ала жоспарланған қылмыс екенін мәлімдеді.

Алдын ала есеп бойынша, ұрланған туындылардың құны бірнеше миллион еуроны құрайды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өткен қазан айында Париждің әйгілі Лувр музейінен тоғыз бағалы жәдігер ұрланған болатын

Комментарии