Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сеніміне нұқсан келтіретіндіктен мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салады. Талдау барысында 36 мемлекеттік қызметкер, оның ішінде 10 басшы, «Olimpbet» және «1XBET» букмекерлік компанияларында бәс тіккені белгілі болды»,–делінген хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен мемлекеттік қызметшілер қызметінен босатылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында тұрады.
Новости по теме
