INPEX Қазақстан мен Әзербайжаннан тасылатын мұнайды Жапония нарығына бағыттады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/aMBAXLwGywf5a68QLIbhKbGWKFO87bWNTcqtFKyq.webp

Жапондық INPEX компаниясы Қазақстан мен Әзербайжанда өз қатысуымен өндірілетін мұнайды сатуда жапондық компанияларға басымдық беретінін жариялады. Бұл туралы Yomiuri басылымы жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Компанияның мәліметінше, мұнай жеткізілімдерінің тұрақтылығы қазіргі кезде басты алаңдаушылық туғызуда. Ормуз бұғазының фактілік блокадасы жағдайында Жапония мұнай қажеттілігінің 90%-дан астамын Таяу Шығыс елдерінен қамтамасыз етеді. INPEX осы тәуекелді азайту мақсатында мұнай көздерін әртараптандыруға шешім қабылдаған.

Жоспар бойынша, Әзербайжан мен Қазақстаннан шыққан мұнай Қызыл теңіз және Жерорта теңізі арқылы, Үміт мүйісін айналып жеткізіледі. Әзербайжаннан жол 25–50 күнге, Қазақстаннан 35–55 күнге созылса, Ормуз бұғазы арқылы жеткізілімдер шамамен 20 күнді алады.

INPEX Қазақстандағы Қашаған және Әзербайжандағы «Азери-Чыраг-Гюнешли» кен орындарындағы үлестерге ие. Бұған дейін бұл кен орындарынан шығарылған мұнай негізінен Еуропаға споттық жеткізілім ретінде жіберілетін. Алайда Таяу Шығыстағы дағдарыс пен Жапония нарығында мұнай тапшылығы болуы мүмкін деген алаңдаушылыққа байланысты компания споттық жеткізілімнің бір бөлігін «басым түрде жапон нарығына» бағыттауды шешті.

Бұл қадам Жапонияға мұнай жеткізілімінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Комментарии