Жарты жылдан соң. Досаев қызметінен босады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/M0mcQ3vwMxadc5qDHYPlsXIfReqM8pQW5dhkm0Uv.jpg

Ерболат Досаев президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы бүгін, 25 наурызда Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды»,-делінген хабарламада.

Ол бұл қызметке 2025 жылдың қыркүйегінде тағайындалған болатын.

Еске салайық, қаңтар айында Ерболат Досаев "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірген еді. Директорлар кеңесін премьер-министр Олжас Бектенов басқарады.

 

 

Комментарии