Әзербайжан СІМ Джейхун Байрамов Иран министрі Сейед Аббас Арагчимен телефон арқылы әңгімелесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Сөйлесу барысында тараптар аймақтық ахуалды талқылап, әскери шиеленістің алдын алу бағытындағы мүмкін шаралар жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар Каспий аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.
Әзербайжан министрі Джейхун Байрамов Нахчыван автономиялық республикасына Иран аумағынан ұшқышсыз аппаратармен жасалған шабуылдар бойынша тергеудің аяқталуын күтетінін тағы да жеткізді.
Сондай-ақ тараптар өзара қызығушылық тудыратын екіжақты мәселелер бойынша пікір алмасты.
Новости по теме
