АҚШ үшін қауіпті бес ел анықталды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VdMR7dIIkEVc2781vCUsHkc5qkPsf64t5Mi60QIT.jpg

Ресей, Қытай, Иран, КХДР және Пәкістан АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне төнетін басты қауіптер ретінде аталды. Бұл туралы АҚШ барлау қауымдастығының 2026 жылға арналған жыл сайынғы Annual Threat Assessment of the U.S. Intelligence Community 2026 есебінде айтылған, деп хабарлайды “Адырна”.

Құжатта жаһандық және трансұлттық қауіп-қатерлер қатарында зымырандық қауіптер, көші-қон, киберқауіпсіздік, технологиялардың дамуы және Африкадағы жағдай көрсетілген.

Пәкістан алғаш рет елеулі ядролық қауіптер тізіміне енгізілді. Бұған оның жаңа зымыран жүйелерін әзірлеуі себеп болған. АҚШ мамандарының бағалауынша, бұл жүйелер қысқа уақыт ішінде АҚШ аумағына жету мүмкіндігіне ие.

Комментарии