Израиль Ливанның оңтүстігін елдің орталық бөлігімен байланыстырып тұрған көпірді қиратты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Анадолы агенттігінің мәліметінше, 22 наурыз күні Литани өзені үстіндегі көпірді қиратқан.
Израиль тарапы бұл әрекетті Хезболла жасақтарына қару-жарақ жеткізу арналарының жолын кесу мақсатымен түсіндірді. Елдің қорғаныс министрі Исраэль Кац армияға Ливанның оңтүстігіндегі көпірлерді жою және шекара маңындағы үйлерді бұзу жұмыстарын жеделдетуді тапсырғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, Израиль армиясының Бас штабының бастығы Эяль Замир «Хезболлаға» қарсы құрлықтағы операция ауқымы кеңейетінін жеткізді. Оның айтуынша, әскери әрекеттер енді ғана басталған.
Алайда Ливан билігі Израильдің бұл қадамын қатаң сынға алды. Ел президенті Джозеф Аун аталған әрекетті айыптады. Ал Human Rights Watch ұйымы азаматтық инфрақұрылымды жоюды «әскери қылмыс» деп бағалады.
Reuters агенттігінің мәліметінше, соңғы он күнде Израиль Ливанның оңтүстігіндегі бірнеше көпірді қиратқан. Израиль тарапы мұндай шаралар шекара маңындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет екенін алға тартып отыр.
Глава Казахстана Касым-Жомарт Токаев выступил перед парламентом с Посланием народу «Экономический курс Справедливого Казахстана»
