Әкім мас күйінде көлік айдағаны үшін ұсталды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iJVmpNe7Xx8Gi1YXqXtrSe57x7qUIQWSoxmju8qs.webp

БҚО Чапаев ауылдық округінің әкімі Биболат Зейноллин мас күйінде көлік тізгіндегені үшін полиция қызметкерлерімен ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға 12 наурыз күні түнгі уақытта болған. Әкімді полиция қызметкерлері алкогольдік мас күйде көлік басқару кезінде анықтаған.

Алдымен Биболат Зейноллин өзін науқас ретінде көрсетіп, блогердің қоңырауына жауап бермегені хабарланды. Кейін ол мас күйінде көлік жүргізгенін мойындаған.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, Ақжайық ауданы Чапаево ауылы маңында патрульдік полиция батальоны жүргізушіні мас күйінде анықтаған. Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданған.

Айта кетейік, мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және 7 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған.

Комментарии