Солтүстік Қазақстан облысында электр желілерін қызмет көрсететін кәсіпорынның қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиға 17 наурыз күні орын алған. Солтүстік Қазақстан облыстық электр желілері компаниясында жоспарлы жұмыстар жүргізу кезінде қызметкерді тоқ ұрған. Жедел медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан, қызметкерді құтқару мүмкін болмады.
«Трагедияның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде», – делінген хабарламада.
Компания өкілдері отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.
Новости по теме
Мечеть Султан Мухаммед-Узбек хана? Чье имя достойна носить Центральная Мечеть в столице Казахстана, открытая 12 августа 2022 г.?
