Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жарлыққа сәйкес, 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция мәтіні «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» басылымдарында жарияланады. 1995 жылғы Конституцияның түпнұсқасы Президенттің Архивінде сақталады.
Орталық референдум комиссиясы Конституция мәтінін нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Әділет министрлігіне жібереді.
Президент және Үкімет заң шығару бастамасымен Парламентке бірнеше Конституциялық заң жобаларын енгізетін болады. Олар «Президент туралы», «Қазақстан Халық Кеңесі туралы», «Астананың мәртебесі туралы» және «Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» жобалары болмақ.
Үкімет және мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерді Конституцияға сәйкес келтіру шараларын жүзеге асырады.
Конституцияны ілгерілету жөніндегі жоспар 2026 жылғы 7 сәуірге дейін бекітіледі.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Новая волна масштабной информационной кампании в поддержку новой Конституции стартовала в Казахстане
