Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясының жалпы қорытындысы бойынша Алматы облысы тұрғындарының 71,46 пайызы референдумға қатысты.
Өңірде дауыс беруге құқылы 1 миллионнан астам азамат бар болса, соның 800 мыңға жуығы өз таңдауын жасады.
Әсіресе шалғай аудан халқы ерекше белсенділік танытты. Оның ішінде Алматы облысының Райымбек, Кеген және Балқаш аудандарында тұрғындардың 90 пайыздан астамы дауыс беруге белсене қатысқан.
Референдум талапқа сай ұйымдастырылып, ашық әрі заң аясында өтті. Дауыс беру учаскелерінде қоғамдық тәртіп сақталып, ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген.
Новости по теме
Вступление в силу новой Конституции – это начало нового этапа развития национальной правовой системы – эксперт
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
