Әлемнің 40-тан астам елінде Қазақстанның референдум учаскелері ашылды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7qSw3yCXrvycnn37QXlkIKTDSNaRW2Cy9NhCseu9.jpg

2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде (СІМ) әлемнің қанша елінде референдум учаскелері ашылғаны туралы айтылды, деп хабарлайды "Адырна".

Ведомствоның Telegram-арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес:

«Қазіргі уақытта әлемнің 40-тан астам елінде референдум учаскелері белсенді жұмыс істеп жатыр. Жапония мен Оңтүстік Кореядан кейін Қытай, Сингапур, Моңғолия, Малайзия, Таиланд, Вьетнам және Индонезия елдерінде де дауыс беру басталды. Сондай-ақ дауыс беру үдерісі Ресей, Үндістан, Әзербайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінде де қарқынды жүріп жатыр».

Сонымен қатар, бұдан кейін Еуропа елдерінде де дауыс беру басталатыны атап өтілді.

Ал Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Ресей аумағында жүрген қазақстандықтар бүгін жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша референдумда дауыс беріп жатқанын хабарлады.

Мәскеуде Қазақстан елшілігі жанынан дауыс беру учаскесі ашылды.

Комментарии