30 есеге дейін. ҰҚК "зейнеткер" иттерді қымбатқа сатты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2HnQ2AbPnwFNjbOclZDQANf49vMbBxWrP7bucxb6.webp

Фото: sauda.e-qazyna.kz

Қазақстанда ҰҚК шекара қызметінің қызметтен шыққан иттері аукционға қойылып, сатып алушылар тарапынан жоғары сұранысқа ие болды. Жуырда өткен саудада 26 неміс, бельгиялық және шығыс еуропалық тұқымды ит сатылып, олардың бағасы бастапқыдан бірнеше есе жоғары болған, деп хабарлайды "Адырна".

ҰҚК қызметінен зейнетке шыққан иттер бұрын Қостанай, Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарында қызмет атқарған. Иттердің бастапқы бағасы 935 теңгеден 11,5 мың теңгеге дейін болған, алайда кейбіреуінің бағасы 30 есе өскен.

Мысалы, екі бельгиялық төбет – Манчи мен Марчес – бастапқы 5,4 мың теңгеден 152,8 мың теңгеге дейін сатылды. Ал алты қызметтік ит – Майк, Майло, Миг, Мэл, Мансур және Маис – бастапқы 11,5 мың теңгеден 77,7 мың теңгеге бағаланған.

Фото: sauda.e-qazyna.kz

ҰҚК төбеттерін аукционға шығару биыл ақпан айынан басталған. Алғашқы кезде Қостанай облысы шекара қызметінің алты тұқымды итін бастапқы бағамен сатып алған, бірақ кейін кейбір иттердің бағасы 3–7 есе өскен.

Сайттағы аукционда қызметтен шыққан овчаркалардың жиі көрінуі қазақстандықтар арасында әлеуметтік желілерде пікірталас туғызған. Бұл жағдай иттердің бағасының өсуі мен олардың нарықтағы сұранысының артуына байланысты екені атап өтілген.

Комментарии